Сенбі, 04 мамыр, 02:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Ұйықтауға да мүмкіндік бермеді»: Нүкенованың құрбысы Бишімбаев қандай адам болғанын айтты

12.02.2024

282 0

Фото: Massaget.kz

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді ODNAKO PODCAS-та марқұм қарындасы Салтанат Нүкенова мен экс-министр Қуандық Бишімбаевтың арақатынасы қандай болғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айтбек Амангелдінің сөзінше, Салтанат Бишімбаевтан соңғы рет қазанда кеткен. Алайда кейін қайта некелерін қиған.

«Қайта бастайық» деген оның манипуляциясы болды. Одан кеткен кезде «Салтанат, қайдағы екінші неке?» дегенім есімде. «Жасы 43-те. Бұл жай нәрсе емес» дедім. Салтанат «Жоқ, біз татуластық, бәрін түсіндік» деді. Өмір сүруге мүмкіндік бермеді (Бишімбаев Нүкеноваға – еск.), қарапайым ұйықтауға да», – дейді Салтанаттың құрбысы.

Сонымен қатар, Нүкенованың бауыры бір кезде олар психологқа барғанын жеткізді. 

«Қазір жұрттың бәрі «(бізді – еск.) қайда қарап отырды?» дейді. Біз камераға айта алмайтын жайттар болды. …Мен терапиядан өтуге кеңес бердім. Дәл осы абьюзерлік қарым-қатынаспен  айналысатын маман таптым. Ол қаламады. Ақыр аяғында олар психологқа баруды ұйғарды. Оған да барды. …Адамдар жаман болып дүниеге келмейді. Барлық сәби періште күйінде дүниеге келеді. Әрі қарай оған не болатыны тәрбиеге байланысты. Бала қалай, қандай жағдайда өседі, отбасында не көреді? Істеген ісі үшін жаза алмау (да әсер еткен – еск.). Бірінші қылмысында да аса ауыр қылмыс, ол үшін ұзақ уақыт – 10 жыл берді. Оның тек бір жарым жылын отырды», – деді Айтбек Амангелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: