Жұма, 19 маусым, 22:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

«Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

19.06.2026

65 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Өнер орталығында» Медицина қызметкерлері күніне арналған «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті.

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және сала ардагерлері қатысты.
Аймақ басшысы ұлт саулығын нығайтуда қажырлы еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарды құттықтады.

«Денсаулығымыздың қорғаны, адам жанының арашасы, мейірім мен ізгіліктің жаршысы болған ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда елеулі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Осы орайда, дәрігердің ел өміріндегі орны айрықша екені сөзсіз» деген болатын.
Бүгінгі мерейлі мерекеге орай ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Сіздерге арнайы құттықтауын жолдады.
Еліміздің денсаулық сақтау саласында ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген сырбойылық дәрігерлерімізді ерекше мақтанышпен айтамыз.
Қазақстанның Еңбек Ері, Сыр перзенті Юрий Владимирович Пя бес мыңнан астам ашық жүрек отасын жасады. Еліміздің бас хирургі, профессор, жерлесіміз Болатбек Баймаханов жетекшілік еткен мамандар тобы медицина тарихында тұңғыш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін трансплантациялау бойынша аса күрделі операцияны сәтті жүзеге асырды. Болатбек Бимендіұлы кеше Президентіміздің қолынан екінші дәрежелі «Барыс» орденін алды. Жерлесімізді жоғары марапатымен барша Сыр жұртшылығының атынан құттықтаймын!
Былтыр облыс тарихында алғаш рет бауыр, 10 науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Отаның 6 жаңа түрі тәжірибеге енгізілді. Бұл – Сыр медицинасының мүмкіндігі мен мамандардың біліктілігін айқындайтын жарқын мысалдар. Дәрігер – ең ізгі, ең қастерлі мамандық иесі. Халыққа әрдайым адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар!», – деді аймақ басшысы.

Рәсімде саланың дамуына елеулі үлес қосқан мамандар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағымен, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарының және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті
«Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

​Іс-шара соңында ардагерлерге гүл шоқтары тарту етіліп, мерекелік бағдарлама ұсынылды.

​Президенттің, Үкіметтің қолдауымен 2022 жылдан бері аймағымыздың денсаулық сақтау саласына 625 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, 41 медицина нысаны ел игілігіне берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медицина нысаны салынды.
Облыс орталығында емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың, 400 және 500 келушіге арналған емханалардың, 200 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы жүріп жатыр.
Алдағы жылдары тағы бірқатар медицина нысаны қайта жаңғыртылады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: