Сейсенбі, 16 қыркүйек, 13:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Кадрлық өзгерістер таныстырылды

16.09.2025

72 0

Кеше шаһар басшысы Нұржан Ахатовтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті. Жиында жаңадан тағайындалған бөлімдердің басшылары таныстырылды.

Қала әкімінің өкімімен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне ауысу тәртібімен Дархан Пірәліұлы Бақтияров тағайындалды.

Дархан Пірәліұлы 1991 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2013 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы, 2018 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы «Қызылорда азтонналық мұнай өндіру зауыты» ЖШС машинисті ретінде бастаған. 2016-2021 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының әдіскері, бас маманы, қала әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарды. 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап 4 жылға жуық Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Сонымен қатар қала әкімінің өкімімен қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Айдын Бөкенбайұлы Қайруллаев қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Айдын Бөкенбайұлы 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2002 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы, 2008 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясында редактор ретінде бастаған. 2002-2018 жылдары облыстық және қалалық әкімдікте түрлі басшылық қызметтерде болған. Қала әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, оның ішінде, 2013-2014 жылдары осы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарды. 2018 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, орынбасары қызметтерінде болды. 2024 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Кадрлық өзгерістер таныстырылды

Сондай-ақ қала әкімінің өкімімен Жағыпар Айтбайұлы Тажмаханов қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Жағыпар Айтбайұлы 1984 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Тарих» мамандығы, 2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2007 жылы №235 орта мектебінің бағдарлы оқыту жөніндегі директордың орынбасары болып бастаған. 2008-2022 жылдары облыстық және қалалық әкімдікте түрлі басшылық қызметтерде болған. Оның ішінде Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарған. 2022 жылдан бастап осы кезге дейін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: