Жексенбі, 08 желтоқсан, 12:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Жалағаш ауданында жаңа әкім

28.04.2022

1271 0

Жалағаш ауданы әкімінің лауазымына Асқарбек Темірбекұлы Есжанов тағайындалды.

А. Есжанов 1978 жылы дүниеге келген. Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі», Қызылорда гуманитарлық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда экология және құқық колледжінде оқытушы болып бастады.

Одан кейін 2002-2005 жылдары Қызылорда облысының мәдениет басқармасының кітапхана, музей, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінде маман, бас маман болса, 2005-2007 жылдары Қызылорда облыстық сотында, 2007-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған.

Ал 2010-2019 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы, қалалық мәслихатының аппарат басшысы болды.

2019-2020 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарып, 2020 жылы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: