Сейсенбі, 19 наурыз, 15:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Ұлыбританияда сынақ басталды

16.01.2021

761 0

Дүние жүзіне жаңа вирус таралғалы 1 жылдан астам уақыт өтті. Осы кезге дейін вирустан қорғану, сақтық шаралары анықталды. Кейінірек әлемнің барлық ақ халаттылары вирусты жұқтырғандарды емдеу және барынша аман алып қалуға күш салды. Қазіргі таңда ғалымдар вирусты жеңуге арналған вакцина жасап шығаруға білек сыбана кірісті, тіпті кейбір елдер өз екпелеріне сынақ жүргізуде. Соның ішінде Ұлыбритания ғалымдары ойлап тапқан емдеу тәсілі бүгінде сынақтан өтіп жатыр. Бұл туралы Джастин Роулат британиялық BBC теле-радио-интернет хабар тарату сайтында мақала жариялады.
Ұлыбританияда Covid-19 вирусының таралуын тоқтату мақсатында жаңа емдеу тәсілін үлкен масштабта сынау басталды. Емдеу шараларын алғашқы болып сейсенбі күні Халла емханасының пациенті қабылдады.
Жалпы емдеу процесі бета интерфероны атты ақуызды ішумен байланысы. Ал ол ақуыз адам ағзасында вирусты инфекция кезінде бөлініп, нәтижесінде ол жасушаны вируспен күреске дайындау арқылы иммундық жүйені арттыруы мүмкін.
Бұған дейінгі емдік зерттеу нәтижесінде Covid-19 вирусын жұқтырған науқастың жағдайын нашарлауының, яғни өкпені 80 пайыз жасанды желдету қажет болу ықтималдығын азайтты. Жалпы бұл емдеу әдісі Саутгемптонның университеттік ауруханасында ойлап табылды. Қазірігі таңда оны Саутгемптондағы Synairgen биотехнологиялық компаниясы шығарып жатыр.
Жаңа дәрімен емделу курсы шамамен 2000 фунт стерлинг тұруы мүмкін. Бұл стационарлық емдеу әдісі үшін қымбат деуге келмейді.
Препараттың жұмыс істеу қабілеті оның сапасы мен бағасы арасындағы тепе-теңдікке тікелей байланысты, – дейді Synairgen компаниясының атқарушы директоры Ричард Марсден.
Мұндай емдеу әдісінің негізгі идеясы ақуыздың таза дозасы иммундық жүйесі әлсіреген адамның өзінде де вирусқа қарсы едәуір күшті жасушалар түзетіндігі. Одан бөлек, сынақ жұмыстары созылмалы ауруы бар науқастардың өзі бұл емдеу әдісін оңай өткеретінін көрсетті.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған
Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: