Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Аймағамбетов бірнеше облысқа баратын мұғалімдердің жалақысы екі есе өсетінін айтты

31.03.2022

1134 0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов төрт облыста мұғалім тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, қазір Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Алматы облыстарында мұғалім тапшылығы қатты сезіледі. Кадр жетіспеушілігін шешу үшін министрлік арнайы бағдарлама қабылдап жатыр. Оған тиісті қаржы бөлінуде.

«Біріншіден, мұғалім тапшылығы бар өңірлерге барған әріптестеріміздің жалақысы екі есе көп болады. Бірақ оларға КРІ ретінде көрсеткіштер қойылады. Екіншіден, оларға жұмыс істеген уақытта баспана беріледі, үйдің коммуналдық шығындарын мемлекет өтейді. Осылайша ең үлкен тапшылық бар өңірлердегі мәселені шешіп жатырмыз», – деді Аймағамбетов мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, қаражат республкалық трансферттер есебінен бағытталады.

«Яғни, бұл мақсатты трансферттер. Ақша жергілікті бюджетке жіберіледі. Кейін ол арнайы конкурстан өтіп, өңірге сабақ беруге келген мұғалімдерге төленеді», – деп түсіндірді министр.

Аймағамбетовтің айтуынша, мұғалімдер тапшылығы оқушылар санының өсуі себеп болып отыр.

«Он жыл ішінде мектепте оқитын балалар саны бір миллионға жуық артты. Ол дегеніміз мұғалімдер саны да өсіп жатыр дегенді білдіреді. Енді 2025 жылға дейін бізге тағы 100 мың мұғалім қажет болады. Бізге жаңа мектептер қажет, ал жаңа мектептерге жаңа мұғалімдер керек. Бір мектеп ашылғанда орташа есеппен 150-200 мұғалім қажет болады. Соған байланысты осындай мәселе туындап жатыр», – деді ол.

Министр кадр тапшылығы мәселесі бұған дейін де болғанын атап өтті. Қазір министрлік проблеманы жүйелі түрде шешуге кіріскен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: