Дүйсенбі, 15 маусым, 13:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44 (2256)
13.06.2026
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында «Қарасора-2026» шарасы барысында 9 есірткі құқық бұзушылығының жолы кесілді

10.06.2026

126 0

Қазіргі таңда республика көлемінде есірткі қылмыстарының алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Қарасора-2026» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 1 маусымда басталған шара 31 қазанға дейін жалғасады.

«Қарасора-2026» іс-шарасының негізгі мақсаты – есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру және дайындау деректерінің жолын кесу.

Іс-шара басталғалы облыс көлемінде барлығы 9 есірткі құқық бұзушылығының жолы кесілді. Оның ішінде 8 дерегі есірткі өсіру және 1 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылық.

Есірткі өсіру деректерінің 3-і далалық аумақтарда, 5-і тұрғын үйлердің ауласында анықталып, заңсыз өсірілген құрамында есірткі заты бар өсімдіктер тәркіленді.

Заңсыз есірткі өсірумен айналысқан 5 азамат құрықталып, оларға қатысты заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар әскери тікұшақтың көмегімен 3 рет әуеден бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Абай және Бірқазан ауылдары маңында есірткі өсірудің 2 дерегінің жолы кесілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бағытындағы жедел-профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, есірткіні жеткізу арналарының жолын кесу, ірі партияларын анықтау және ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін әшкерелеу бағытында жұмыстар жүргізуде.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: