Сейсенбі, 09 маусым, 18:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 (2255)
09.06.2026
PDF мұрағаты

Өңірдегі 93 жеке клиникалары МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетеді

09.06.2026

48 0

Қызылорда облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жекеменшік медициналық ұйымдардың белсенді қатысуы арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі артып келеді. 2026 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 125 медициналық ұйыммен шарт жасасты, олардың 93-і жекеменшік ұйымдар.

Қор филиалының директоры Жақсылық Әбдусаметов атап өткендей, МӘМС жүйесі пациенттерге меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымды таңдауға мүмкіндік береді.

-МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі – «қаражат пациенттің соңынан ереді» қағидаты. Бұл азаматтардың Қордың жеткізушілері болып табылатын мемлекеттік те, жекеменшік те клиникалардан қажетті медициналық көмекті алуына мүмкіндік береді. Жергілікті дәрігердің немесе тар буынды маманның жолдамасы болған жағдайда пациент тексеруден өту, кеңес алу немесе емделу үшін медициналық ұйымды өзі таңдай алады, – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Бүгінде өңірдегі Қор жеткізушілерінің құрамында:

31 мемлекеттік медициналық ұйым (24,8%);

93 жекеменшік медициналық ұйым (74,4%);

1 квазимемлекеттік ұйым (0,8%) .

Өңірде жекеменшік медициналық ұйымдар мемлекеттік секторға, әсіресе консультативтік-диагностикалық, стоматологиялық және стационарды алмастыратын көмек көрсету бағыттарында айтарлықтай бәсекелестік қалыптастырып отыр. Сонымен қатар оңалту қызметтері, бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) және стационарлық медициналық көмек көрсету салаларында да жекеменшік сектордың белсенділігі жоғары.

Филиал басшысының айтуынша, жекеменшік медициналық ұйымдардың МӘМС жүйесіне қатысуы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, күту мерзімдерін қысқартуға және пациенттердің таңдау мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.

– Облыс тұрғындары МӘМС аясында жекеменшік клиникаларда тар буынды мамандардың кеңестерін, диагностикалық зерттеулерді, оңалту қызметтерін және басқа да медициналық көмекті тегін ала алады. Көрсетілген қызметтердің ақысын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді, – деп атап өтті Жақсылық Абдусаметов.

2026 жылы өңір тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін 125 жеткізушіге 135,9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және МӘМС жүйесі аясындағы медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ Қор филиалының басшысы тіркелген емханада қажетті қызметті көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда дәрігер пациентке осы қызметті көрсету бойынша бірлесіп орындау шарты жасалған басқа медициналық ұйымға жолдама беруі тиіс екенін түсіндірді. Сонымен қатар пациент қажетті қызметті көрсететін Қор жеткізушілерінің ішінен медициналық ұйымды өз бетінше таңдауға құқылы. Мұндай жағдайда жергілікті дәрігердің жолдамасы бірлесіп орындау шартын рәсімдеуге негіз болады.

Қор сайтында медициналық қызмет жеткізушілер тізімін қалай пайдалануға болады?

ТМККК және МӘМС аясында қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың өзекті тізімі Қордың сайтындағы «Жеткізушілер картасы» бөлімінің «Жеткізушілерге» бөлімшесінде орналастырылған. Іздеу үшін өңірді және қажетті медициналық көмек түрін таңдау қажет.

Сілтеме: https://msqory.kz/kk/postavshchikam/kak-stat-postavshchikom/podat-zayavku-dlya-vklyucheniya-v-bazu-postavshchikov-i-soispolniteley/

Медициналық қызметтердің сапасы немесе қолжетімділігі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда пациенттер медициналық ұйымның Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1414 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы жүгіне алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: