Құрылтай

Сәрсенбі, 15 шiлде, 19:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

Медициналық сақтандыру туралы танымал сұрақтар

15.07.2026

48 0

Фото: МӘМС

  Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді мамандарға қаралуға бола ма?

  Иә, кейбір жағдайларда бейінді маманға алғашқы буын дәрігерінің жолдамасынсыз жазылуға болады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығымен бекітілген амбулаториялық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмекті көрсету қағидаларының 12-тармағына сәйкес):

1. шұғыл жағдайлар және жарақат алу;

2. стоматологиялық көмек алу үшін жекелеген санаттағы пациенттердің жүгінуі;

3. дерматовенерологиялық бағыттағы ауруларға байланысты бейінді маманға жүгіну;

4. акушер-гинекологқа (жүктілік есебіне қоюдан басқа жағдайларда) және тіркелген жері бойынша психологқа жүгіну;

5. онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік туындаған жағдайда бейінді маманға жүгіну;

6. жастар денсаулық орталықтарына жүгіну (өз еркімен);

7. динамикалық бақылауда тұрған пациенттің бейінді маманға жүгінуі;

8. бір жағдай аясында бейінді маманның қайта қабылдауы, сондай-ақ жаңа түзіліске күдік туындаған жағдайда;

9. көшпелі медициналық кешендер мен медициналық пойыздар қызметін алу.

МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ адамға еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуге бола ма?

Егер пациенттің еңбекке жарамсыздығын анықтау немесе растау үшін МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету талап етілмесе, онда еңбекке жарамсыздық парағын ТМККК шеңберінде рәсімдеуге болады.

Мысалы, сақтандырылмаған науқаста ЖРВИ белгілері пайда болып, ол фильтр кабинетіне немесе учаскелік дәрігерге қабылдауға жүгінді делік. Егер диагнозды белгілеу үшін арнайы маманға жолдама немесе МӘМС пакетіне кіретін диагностикалық зерттеулер талап етілмесе, онда пациентке учаскелік дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын бере алады.

Алайда, егер емдеуді одан әрі жалғастыру немесе қосымша зерттеулер жүргізу үшін міндетті медициналық сақтандыру тізіміне енгізілген медициналық қызметтерді алу қажет болса, онда мұндай пациентке міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу қажет болмайды.

МӘМС-ке жарналарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары төлей ме?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әрбір азаматтың борышы мен міндеті болып табылады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі–МӘМС туралы Заң) 4-бабына сәйкес МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттары мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың денсаулықты қорғау жөніндегі ортақ жауапкершілігі және аударымдар мен (немесе) жарналарды төлеу міндеттілігі болып табылады.

МӘМС туралы Заңның 14 – бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес жарналарды өз бетінше төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі-дербес төлеушілер) жарналарды төлеушілер болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан Қазақстан Республикасының азаматы МӘМС жарналарын төлеуге міндетті. Көрсетілген кезеңді дербес төлеуші ретінде әр ай үшін 4250 теңге сомасында төлеу қажет (дербес төлеуші ретінде жалдамалы қызметкерлерден, жеке кәсіпкерлерден, жеке практикамен айналысатын адамдардан, жеке көмекшілерден, жеңілдікті санатқа кіретін адамдардан басқа жеке тұлғалар төлейді).

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының

Қызылорда облысы бойынша филиалының ақпараты бойынша

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: