23 тамызда елімізде маңызды саяси науқан – сайлау өтеді. Бұл күн – әрбір азаматтың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуына мүмкіндік беретін маңызды кезең. Сайлау – демократиялық қоғамның басты қағидаттарының бірі және халықтың өз таңдауын заң аясында еркін білдіруіне мүмкіндік.
Әрбір азаматтың дауысы – елдің дамуына қосқан өзіндік үлесі. Сондықтан сайлауға қатысу – тек құқық қана емес, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Елдің бүгіні мен ертеңіне бейжай қарамайтын тұрғындардың белсенділігі мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына оң ықпал етеді.
Ашықтық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарын сақтау – кез келген сайлау науқанының басты негізі. Осы құндылықтарды құрметтеу қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қызмет етеді.
23 тамыз күні әр азамат өз конституциялық құқығын пайдаланып, азаматтық ұстанымын білдіре алады. Ел тағдырына бейжай қарамайтын қоғам ғана берік мемлекет қалыптастырады. Сондықтан сайлауға қатысу – ел болашағы үшін жауапкершіліктің және белсенді азаматтық ұстанымның белгісі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
