Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі мен сәйкестендіру құралының шекті құны белгіленді, – деп хабарлайды KAZINFORM
Құжатқа сәйкес, бір таңбалау кодының ең жоғары құны ҚҚС-сыз 2,68 теңге болады.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін биологиялық белсенді қоспаларды міндетті цифрлық таңбалау қағидаларының жобасы әзірленген еді.
Бұл жүйені енгізу:
- заңсыз айналым көлемін азайтуға;
- салық түсімдерін арттыруға;
- нарықтағы барлық қатысушы үшін тең бәсекелестік жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды міндетті цифрлық таңбалау 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, елімізде медициналық қызметтер жарнамасына талап қатаңдайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
