Сенбі, 04 мамыр, 19:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ақиық ақынға арналған кеш өтті

09.02.2024

254 0

К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп гимназиясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында сыршыл ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты мерекелік поэзиялық әдеби кеш өткізілді.

Іс -шара ақынның батыр Б.Момышұлымен кездесу сәтін бейнелейтін қойылыммен басталды. Ақынның отты лирикаларын жүректерімен сезінген шәкірттеріміз Мұқағали ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Шартарапты жайлаған әндерін шырқаған оқушылар көрермендерді баурап алды. Әдеби кеште «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның соңы мектеп кітапханашылары ұйымдастырған «Bookbingo» деп аталатын ақынның өміржолына арналған викториналық сұраққа ұласты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: