Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балаға қамқор болу да бақыт

11.03.2023

690 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қызылорда облысы бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен толық қамтылған өңірлер қатарында. Бұл туралы осы аптада Үкімет отырысында айтылды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік және оқу процесін цифрландыру мәселелері қаралды.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев рес­публикадағы орта мектептерде бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы баяндап, бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастыру мәселесіне тоқталды. Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы бастауыш мектеп оқушыларын 100% тегін ыстық тамақпен қамтуды тапсырған. Қазіргі күні бірқатар аймақта, оның ішінде Қызылорда облысында бұл тапсырма толығымен орындалды.

Үкімет отырысынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында жиын өткізіп, балалар қауіпсізді­гін қамтамасыз ету білім беру саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

– Біздің міндетіміз – Үкімет отырысында берілген тапсырмаларды қатаң бақылауға алып, мерзімінде сапалы орындау. Бұл бағыттағы жұмыстарға тек облыстық білім басқармасы ғана емес барлық қала, аудан әкімдіктері, құқық қорғау органдары жұмылдырылуы тиіс. Облыстық білім басқармасына полиция департаменті, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, облыстағы барлық білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін күшейтуді, өңірдегі барлық білім беру ұйымдарының инженерлік-техникалық базасын, қауіпсіздік құралдарын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіруді тапсырамын, – деді аймақ басшысы.

Оқу орындарын цифрландыруда қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірмелер санын арттыру маңызды. Жиында «Білімді ұлт» ұлттық жобасындағы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін цифрлық білім беру зертханасы, 3D модельдеу, робототехника үйірмелері жұмысын жетілдіріп, сапасын арттыру бойынша ұсыныс беру тапсырылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – гендерлік теңдікті сақтау, әйелдерді жұмыспен қамту және олардың ден­саулығын сақтау. Бұл мәселелер бойынша қала және аудан әкімдеріне 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында айтылған көрсеткіштерді бақылауға алу тапсырылды. Ол үшін атқарушы органдарда, мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда әйелдердің үлесін арттыру міндеттелді.

Облыстық полиция департаментіне әйелдерге тұр­мыстық зорлық-зомбылық көрсетудің алдын-алу шара­ларын күшейту, ал облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына әйелдер арасындағы жұмыссыздықты азайту, «Кәсіп­керлікті дамыту ұлттық жобасы» аясында тұрақты жұмысқа орналастыру тапсырылды.

Айта кетейік, бүгінгі күні өңірдегі халық саны 834 мың болса, әйелдердің саны 415 мыңнан асады, 48 мыңнан астамы көпбалалы аналардың 17 мыңға жуығы – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Облыс бойынша мемлекеттік қызмет саласында қызмет ететіндердің 39%, медицина қызметкерлерінің 86%, педагогтардың 81,7% – әйелдер, жалпы бюджеттік салада 62% қыз-келіншектер қызмет етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: