Сәрсенбі, 29 наурыз, 16:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (1932)
28.03.2023
PDF мұрағаты

Қызылордалық түлектердің 85 пайызы ҰБТ-ға қатысады

05.05.2021

779 0

Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл электронды форматта ұйымдастырылады. Қызылорда облысында сынақ 6 мамыр мен 30 маусым аралығында өтеді. Ол үшін арнайы 4 тестілеу орталығы жабдықталған. 

– Биыл аймақта 7006 оқушы мектеп бітіреді. Оның 5949-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп жоспарлануда. Биылғы жылғы жаңа ереже бойынша, мектеп бітірушілер ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. Тестілеу барысында санитарлық шектеу шаралары қатаң сақталатын болады, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Тағы да оқыңыз: