Бейсенбі, 25 сәуiр, 22:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 13 мыңға жуық оқушыға көмек көрсетіледі

06.08.2021

981 0

Қызылорда облысында 12 940 баланы мектеп формасы, аяқ киім және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова хабарлады.

«Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның атаулық пен ашықтықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді», – дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: