Бейсенбі, 18 сәуiр, 23:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Мәңгілік ел идеясы – Жұбан ақын жырларында

21.01.2021

1683 0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуді бастады. «Ұлы Дала ақындары» жобасы аясында «Мәңгілік ел идеясы – Жұбан ақын жырларында» тақырыбында әдеби шара өткізілді.

Қатысушылар ақын шығармашылығын егеменді еліміздің бүгінімен салыстыра отырып, қаламгердің елжандылыққа шақыратын рухты жырларын талдады.

– Негізгі мақсатымыз оқушылар арасында ақын шығармашылығын насихаттау, туған жерін құрметтеуге және оның құндылықтарын қастерлеуге шақыру болды. Сонымен қатар, 30 жылда жеткен жетістіктерімізді саралап, болашақта оның дамуына үлес қосу жас ұрпақтың міндеті екендігі айтылды, – дейді жоба координаторы Гүлзат Шынтасова.

Пікір алаңына 8-сынып оқушылары қатысып, өз ойларын шығармашылықпен сипаттайтын постерлерін қорғады.

– Ұлы Дала ақындары» жобасына қатысу арқылы көптеген ақпаратқа қанық болдым. Өр жүректі ақынның өлеңдерін оқи отырып, ерлік пен батырлыққа үйрендім. Болашақта мен де өз жерім үшін аянбай еңбек етуге күш саламын, – деп пікір білдірді 8-сынып оқушысы Сырсұңқар Базарбайұлы.

Шара барысында оқушылар ақын сөзіне жазылған әндерді шырқап, қазақтың ұранына айналған «Мен қазақпын» өлеңін көркем оқыды. Сондай-ақ, жас зияткерлер қашықтан оқыту жағдайында ғаламтор бағдарламаларын пайдалану арқылы тапсырмалар орындап, кері байланыс орнатты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: