Жаңаөзенде 2004 жылы мектеп бітіргендер ұстазына үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңаөзендегі №10 орта мектептің 2004 жылғы түлектері «Көмек Жаңаөзен» қайырымдылық қорымен бірлесіп, физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Қарақойшиеваға үш бөлмелі пәтер сыйлады.
Түлектер 25 мамыр «Соңғы қоңырауда» пәтер кілттерін табыс етті. Мұғалім қуаныштан көзіне жас алып, шәкірттеріне алғыс білдірді.
Жаңа тұрғынға демеушілер мен қайырымдылық қор өкілдері де өз сыйлықтарын табыс етті.
Гүлнар Қарақойшиева 40 жылдан астам мектепте еңбек етіп, жаңаөзендік жастардың білім алуына өз үлесін қосып келеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!