Жұма, 06 желтоқсан, 22:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Мектепте балаларға шошқа етін берген

06.11.2024

665 0

Сурет:alash.kz

Мектептердің бірінде сұмдық жағдай орын алды. Оқиға Павлодар қаласындағы мектепте орын алған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

«5 қарашада комиссия мүшелері Әлихан Бөкейхан атындағы лицей- мектебінде ас мәзірінде шошқаның шұжығынан жасалған асты көрдік. Бұл жағдайды біз білмедік. Сондықтан әкімшілік пен комиссия мүшелері алдағы уақытта бұндай жағдайға жол бермейміз. Мына шұжықтардың барлығын өз қолымызбен қоқысқа тастап жатырмыз», — дейді комиссия мүшесі.

Мектеп басшылығы емес, асхана қызметшісі ата-аналардан кешірім сұрады.«Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар! Сіздерден бүгінгі жағдайға байланысты кешірім сұраймын. Ол фирманың шұжықтарының құрамында шошқа еті болады деп ойлаған жоқпыз. Енді пайдаланбаймыз, ас мәзірінде пицца, шұжық қосылған бәліш секілді тағамдар болмайды», — дейді аспаз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: