Сейсенбі, 28 сәуiр, 22:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2243)
28.04.2026
PDF мұрағаты

NIS үздік педагогі-2026: Арай Нұрбаева Гран-при иегері атанды

28.04.2026

49 0

Фото: NIS

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі Арай Нұрбаева Қарағандыда өткен «NIS үздік педагогі 2026» республикалық байқауында топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды.

NIS үздік педагогі-2026: Арай Нұрбаева Гран-при иегері атанды

Биыл бұл додада Зияткерлік мектептердің мектепішілік кезеңінен іріктелген 21 мұғалім бақ сынады. Қатысушылар ашық сабақтар өткізіп, авторлық педагогикалық тәжірибелерін таныстырды, сондай-ақ білім беруді дамытудың өзекті бағыттары бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды.

NIS үздік педагогі-2026: Арай Нұрбаева Гран-при иегері атанды

Арай Талғатқызы – 13 жылдық еңбек өтілі бар, оның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде 7 жыл қызмет етіп келе жатқан сарапшы-мұғалім. Ол NIS білім беру бағдарламаларын жаңарту және оқулықтар әзірлеу топтардың құрамында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Педагогтің кәсіби портфолиосында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасы, «Табысты тәжірибелер панорамасы» республикалық байқауында I орын, «Педагогикалық идеялар фестивалінде» III орын иегері секілді бірқатар маңызды жетістіктер бар.

Сонымен қатар, Арай Нұрбаева ғылыми-әдістемелік бағытта да нәтижелі еңбек етуде. Ол халықаралық және республикалық деңгейде 7-ден астам ғылыми мақаланың авторы. WALS, NIS Conference сияқты беделді алаңдарда өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби қауымдастықта жоғары бағасын алған.

Бүгінгі жеңіс – табандылық пен кәсіби шеберліктің, үздіксіз ізденіс пен жаңашылдықтың нәтижесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: