Дүйсенбі, 22 маусым, 16:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46 (2258)
20.06.2026
PDF мұрағаты

Пуэрто-Рикоға жолдама: Қызылордадағы NIS оқушылары World Robot Olympiad 2026 жеңімпазы атанды

22.06.2026

38 0

Фото: NIS

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымдастырған World Robot Olympiad (WRO) 2026 дүниежүзілік робототехника олимпиадасының республикалық кезеңінде жеңіске жетті.

Пуэрто-Рикоға жолдама: Қызылордадағы NIS оқушылары World Robot Olympiad 2026 жеңімпазы атанды

Ернұр Сәду мен Аянұр Сәдудан құралған команда Future Engineers санатында бақ сынап, күрделі инженерлік міндеттерді шешуге арналған жобасын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша оқушылар І орын иеленіп, 2026 жылдың желтоқсан айында Пуэрто-Рикода өтетін WRO халықаралық кезеңінде Қазақстан намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Пуэрто-Рикоға жолдама: Қызылордадағы NIS оқушылары World Robot Olympiad 2026 жеңімпазы атанды

Команданың жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Серік Ахметов. Сонымен қатар команда мүшесі Ернұр Сәду жоғары нәтижелері үшін ҚБТУ білім грантына ие болды.

Пуэрто-Рикоға жолдама: Қызылордадағы NIS оқушылары World Robot Olympiad 2026 жеңімпазы атанды

Биыл республикалық кезеңге еліміздің әр өңірінен келген 286 оқушы қатысты. WRO 2026 маусымының тақырыбы – «Robots Meet Culture». Қатысушылар робототехника мен мәдениетті ұштастыра отырып, мәдени мұраны сақтау, дәріптеу және дамытуға бағытталған инновациялық жобаларын таныстырды. Жарыстар RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers бағыттары бойынша өтті.

«NIS үшін бұл олимпиада тек жарыс емес, еліміздегі білім беру робототехникасын жүйелі дамытудың бір бағыты. Биылғы республикалық кезеңде жалпы білім беретін мектептерден, ауылдық және аудандық мектептерден келген оқушылардың белсенділігі ерекше байқалды. Бұл робототехникаға қызығушылықтың Қазақстан өңірлерінде кеңейіп келе жатқанын көрсетеді», – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасының орынбасары Сабыржан Садуакасов.

Пуэрто-Рикоға жолдама: Қызылордадағы NIS оқушылары World Robot Olympiad 2026 жеңімпазы атанды

Айта кету керек, республикалық кезеңде Бекжан Аманбек, Әділхан Торғай, Әмір Ақберген, Жарқынбек Ахметов, Ераслан Ерболұлы, Ерасыл Айдарбек, Асылхан Мейрамбек және Інкәр Нұрханқызы да мектеп намысын қорғады. Олар іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, робототехника мен инженерлік жобалау саласындағы жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: