Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қысым көрген 4 сынып оқушысы өзіне қол жұмсау үшін аспирин ішкен

12.09.2023

460 0

Алматы облысының Бесағаш ауылында өзіне қол жұмсамақ болған оқушының жағдайына қатысты оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік бұл жағдай бойынша арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Ведомство балалардың құқығын қорғау комитетінің бақылауында екенін де мәлімдеді.

«Осы жағдай бойынша жұмыс тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мен Алматы облысының білім басқармасының басшылығы шұғыл түрде бала оқитын мектепке аттанды», – деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, ұл бала құрдастары тарапынан көрсетілген буллингтен кейін суицид жасауға бел буған. 

Еске сала кетейік, Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында төртінші сынып оқитын бала қоштасу хатын жазып, бір қорап аспирин ішіп алғаны туралы жазған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: