Жексенбі, 05 мамыр, 03:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысы бойынша жалпы білім беретін мектептердің жаңа 2023-2024 оқу жылының дайындығы

24.08.2023

382 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалар бақылауында 326 жалпы білім беретін мекеме бар, оның 315-імектеп,11-і мектеп-интернат.

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мәліметіне сәйкес жалпы білім беретін ұйымдардағы тығыздылық және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу мақсатында республикалық, жергілікті бюджет есебіненҚазалы, Жаңақорған, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында 3100 орынға 10 мектептің құрылысы жүргізілуде.

         Аумақтық басқармалар бақылауында апаттық ғимаратта орналасқан            6 мектепбар. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде салынатын 21 мектеп есебінен апаттық мектептердің 4-еуінің мәселесі шешімін табады.

Өңірде жүргізіліп жатқан білім ордалары құрылыстарының нәтижесінде апаттық мектептердің мәселесі 2025 жылы толық шешімін табатын болады деп жоспраланып отыр.

Үш ауысымға оқыту қаупі бар 6 мектеп бар.Үш ауысымды оқытуды жою мақсатындаоблыс орталығындағы 4 мектептің жанынан 1850 орынға қосымша оқу ғимаратының құрылысы жүргізілуде, бүгінгі таңға 1 мектептің қосымша ғимарат құрылысы аяқталды.Қалған 2 мектеп биыл пайдалануға берілетін Жезқазған трассасы бойындағы 600 орындық жаңа мектепесебінен шешілетін болады.

Облыс бойынша 315 мектептің75-сі қалада, 240-ы ауылдық елді мекенде орналасқан,  88% – типтік жобада, 12%- бейімделген ғимаратта орналасқан, 94%  орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Мектептердің 97%  орталықтандырылған,бу қазандық арқылы, 9 мектеп пешпен жылытылады, 68 мектеп орталықтандырылған лас су жүйесіне қосылған болса, 247-сіжергілікті септикпен қамтамасыз етілген.

Облыс бойынша жалпы білім беретін мектептің 293-де  спорт залы бар, барлығы қажетті спорттық, гимнастикалық құрал-саймандармен жабдықталған.

Оқушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында облыстағы 305мектеп медкабинетпен қамтамасыз етілген, қажетті медициналық инвентарлармен жабдықталған.

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы барлық мектепте ішкі әжетханалар жұмыс жасауда.

          Жаңа 2023-2024 оқу жылы қарсаңында жергілікті әкімдік пен білім бөлімдерімен бірлесіп мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын зерделеу мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудан, қалада бірлескен бұйрық негізінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары арқылы 141мектептің дайындығына мониторинг жүргізілді, қалған  мектептерге мониторинг жалғасуда.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпилемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: