Жұма, 29 наурыз, 13:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық ғалымдар америкалық жобаны ұтып алды

23.02.2022

762 0

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жас ғалымдары АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетімен бірігіп, америкалық кеңес тарапынан қаржыландырылатын жобаны ұтып алды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жас ғалымдарға 10 күн бойы Мичиган мемлекеттік университеті, Джорд Вашингтон, Оңтүстік Дакота, Майн, және Нью-Йорк қаласындағы Пэйс университетерінің профессорлары офлайн форматта дәріс оқиды. Сондай-ақ, жас зерттеушілердің НАСА ғарыштық агенттігінің Қазақстандағы және Орталық Азиядағы қазіргі және келешектегі жобаларына қатысуға мүмкіндіктері бар.

Жобаның тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы жоғарғы оқу орындарында экология және қоршаған орта ғылымдар саласында негізі оқу бағдарламаларын дамыту».

«Біздің ғалымдар жоба аясында АҚШ оқу орындарымен тәжірибе алмасып, экология саласының оқытылу процесімен таныспақ. Аталған жоба екі ел университеттері арасындағы ынтымақтастықтың артуына және студенттердің тәжірибе алмасуына ықпал етеді», – деді халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Гүлназия Әлмаханова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: