Жұма, 29 наурыз, 15:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жаңа оқу жылында білім алушылар 8053 адамды құрады

10.09.2021

468 0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде кәсіби бағдар беру жұмыстары жоғары көрсеткішпен қорытындыланды. Жаңа оқу жылында 3278 білім алушы қабылданды. Оның ішінде бакалавриат – 2859, магистратура – 408, докторантураға 11 білім алушы түсті. Тәжірибелі аға буын мен үнемі креативті ойлайтын жаңа буын бірлесе отырып, осындай нәтижеге жетті. Ұжымның еңбегі еленіп, үздіктерге «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль», «Үздік түлек» медалі, Ректордың «Құрмет» грамотасы және алғыс хаттар табысталды.

«2020-2021 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру «Жол картасы» бойынша «Отандастар қорымен» өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Ай сайын талапкерлерге арналған «Q-life» электронды журналы әзірленіп, мектеп бітірушілерге таратылды. ҰБТ ақпараттарын жариялау мақсатында YouTube каналында авторлық «#Salem_talapker!» бағдарламасы жүргізілді. Қызылорда облысының барлық аудан және қалаларындағы мектептер мен колледждерге, көршілес облыстарға арнайы мамандар бекітіліп, үздіксіз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, облыс мектептері арасында түлектермен байланыс орнату үшін 256 «Университет өкілі» таңдалып, жұмыстар жүргізілді. Талапкерлермен 84 кездесу ұйымдастырылып, оның 62 онлай, 22 оффлайн форматта өтті.

Нәтижесінде, университет бойынша жалпы контингент 8053 құрайды. Келесі жылы облыста мектеп бітірушілер саны – 7606. Сәйкесінше біздің

стратегиялық жоспарымыз 3000 абитурент», – деді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова.

Жаңа оқу жылында университет мамандықтары туралы промо-роликтер түсіру, грант көп бөлінетін мамандықтарды кеңінен насихаттау жұмыстары жоспарланған. Арнайы топ жасақтап, Қызылорда облысы бойынша барлық аудандар мен қалалардағы мектептерде оффлайн кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: