Жексенбі, 13 қазан, 04:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Жемқорлар қаржысы жұмсалатын жер

22.08.2023

336 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында жемқорлардың қаржысы мектеп құрылысына жұмсалуға тиістігін айтқан болатын. Президент 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасап,  апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешу керектігін атап өтті.

– Жалпы мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек, – деді Қазақстан Президенті.

Негізі заңсыз иеленген активтерді мемлекетке қайтару үдерісі басталғаннан кейін жемқорлардан қайтарылған қаражатты жинақтайтын арнайы қор құрылған болатын.  Ескендір Зұлқарнайдың Еgemen.kz-те жарық көрген «Қайтқан қаржының қайыры» атты материалында өткен жылдың желтоқсан айынан бері қорға 151,6 миллиард теңге түскені туралы дерек келтірілген.

Үкіметтің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, бұл қаражат мектептер құрылысына жұмсалып жатыр. Яғни Президент тапсырмасы жүзеге асып жатыр деген сөз. Қолда бар деректерге қарағанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылған.

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: