Сейсенбі, 09 тамыз, 01:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62 (1867)
06.08.2022
PDF мұрағаты

15 қыркүйектен тұмауға қарсы вакциналау басталады

15.09.2021

702 0

Қазақстанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Тұрғындарға өзі тіркелген емханаларда ресейлік «Гриппол+» препараты егіледі. Иммундау науқаны 15 қарашаға дейін созылады.

Бұл мақсатқа 2,5 миллион доза вакцина сатып алынды.

Тұмауға қарсы екпе кімге тегін егіледі:

  • медицина қызметкерлері;
  • жүкті әйелдер;
  • медицина ұйымында диспансерлік есепте тұрған балалар;
  • балалар үйлерінің, сәби үйлерінің балалары:
  • қарттар үйлерінің контингенті;
  • эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдар.

Тұмауға қарсы екпе қанша тұрады?

Міндетті вакциналау тізіміне кірмейтін қазақстандықтар үшін вакцина құны – 2000 теңгеге жуық.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаны тұмауға қарсы екпеден кейін кемінде 14 күн өткен соң салдыруға кеңес береді.

Спутник Жаңалықтары

Тағы да оқыңыз: