Бейсенбі, 02 мамыр, 02:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жыл басынан бері 19 адам сарып ауруын жұқтырған

04.07.2023

650 0

 Қызылорда облысы бойынша 2023 жылдың 5 айында сарып ауруының 19 дерегі анықталды. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1 жағдайға артқан. Аурушаңдық көрсеткіші 14 жасқа дейінгі балалар арасында бір деңгейде қалыптасса, жасөспірімдер арасында 5 дерекке өсу тенденциясы байқалады.

Аудандар кесімінде алатын болсақ, сарып ауруы Қармақшы, Жаңақорған, Жалағаш және Қызылорда қаласында тіркелді. Солардың ішінде Жаңақорған ауданында 3 жағдай, Қармақшы ауданында 6 жағдай, Жалағаш ауданында 1 жағдай  мен Қызылорда қаласында 9 жағдай есепке алынды.

Індетке шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 52,6% құрады, 47,3%-дың қала тұрғындарының арасында тіркелуі алаңдатуда. Бруцеллез жұқтырғандардың барлығы да ауылшаруашылық малдары бойынша бруцеллезден қолайлы елді мекен тұрғындары. 

Эпидемиологиялық талдау жүргізу барысында анықталғандай, бруцеллез ауруымен сырқаттанған 8 науқас үй жағдайында уақ және өзге де үй   ауылшаруашылық малдарына күтім жасайды, қалған 11 адам мал шаруашылығымен айналыспайды, сүт-етті базардан, жілікке сатып алып пайдаланған.

 Ауру ошақтарында індетке қарсы барлық іс-шаралар жүргізілді, қарым-қатынаста болған 66 адам зертханалық тексерумен қамтылды, ошақтан 1 науқас анықталды. Барлығы медициналық бақылауға алынды.

Аурудың негізгі көзі – жануарлар. Сарып ауруы адамға көбінесе жанасу мен алиментарлы жолдар арқылы жұғады. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауру малды төлдету, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу кезінде арнайы киім, резеңке қолғапты пайдалан, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін қолданар алдында термиялық өңдеуден міндетті түрде өткізуі қажеттігін еске салады.

Аурудың клиникалық белгілері – дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, дене салмағын жоғалту. Індетке шалдыққан адамның буындары ауырып, бұлшық еттері мен жүйке жүйесі зақымданады. Жыныс мүшелеріне  әсер  еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға,  жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп  соқ­тыруы мүмкін.

Динара Жаңабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: