Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтанның № 6 қалалық емханасында «Спутник V» вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды.
Олар 1 ақпанда таңертең екпе салдырды.Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V»-мен ерікті вакцинациялау науқаны басталды.Айта кетейік, ақпанда Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда – 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаны жеткізеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!