Бүгін Қызылорда облыстық мәслихатының Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, депутат Б.Сандыбаев, мәслихат депутаттары Ж.Нұрымбетов, Н.Сопбеков «Абзал және К» толық серіктестігінің және «МЧ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тарифтерді бекітуге ұсынылған өтінімді қарау бойынша өткен жария тыңдауға қатысты.
Жария тыңдау барысында серіктестіктердің тарифтік өтінімдері, тарифтік сметалары, ұсынылған қызмет көлемі және тарифтің қалыптасуына әсер ететін негізгі шығын баптары қаралды. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарау барысы және тарифтік жобаларға енгізілетін түзетулер жөнінде ақпарат берілді.
Қазіргі таңда ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, серіктестіктің тарифін бекітуге ұсынған құжаттары қаралуда, атап айтқанда: «шикізат және материалдар», «жалақы», «әлеуметтік салық», «амортизация» және т.б.
Өткізілген жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, тиісті шешім қабылданатын болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
