Бүгін аймақтың бас дәрігері Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та «Денсаулық сақтау менеджментi» бойынша бiлiмiн жетiлдiрген дәрігер Смағұлов Айболат Досқалиұлын кабылдап, құттықтады.
Айболат Досқалиұлы 1988 жылы 2 маусымда Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген.
2012 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2015 жылы «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ «Жалпы хирургиясы» мамандығы бойынша резидентураны бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Астана қаласы Ұлттық медициналық ғылыми орталығында ағзалық трансплантация бөлімінде хирург дәрігер болып бастаған.
2016-2019 жылдар аралығында Қызылорда облыстық онкология орталығы хирургия бөлімiнің онкохирург дәрігері;
2019-2020 жылдары Маңғыстау облыстық онкология орталығы хирургия бөлімшесінің онкохирург дәрігері;
2021 жылы Батыс Қазақстан Медицина университеті клиникасының «Тіндік және ағза трансплантация бөлімшесінде» бөлім меңгерушісі;
2021-2024 жылдар аралығында Қызылорда облыстық онкология орталығы хирургия бөлімінің меңгерушісі;
2024 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін облыстық онкология орталығы бас дәрігерінiң емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Айта кетейік, бiлiктi дәрігер 2019 жылы Оңтүстік Корея Республикасы, Сеул Ұлттық университеті госпиталінің грантымен тағылымдамадан өтумен катар, 2020-2023 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде докторантураны бітірiп, 2023 жылы Чех Республикасының Халықаралық экономика институтын «Қоғамдық денсаулықты басқару» мамандығы бойынша бизнесті басқару магистрі дәрежесін иеленген.
Айболат Досқалиұлын «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтауымен құттықтаймыз!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
