Дүйсенбі, 25 қараша, 18:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

COVID-19: жасөспірімдер вакциналануы

21.12.2021

732 0

Коронавирус инфекциясы жас талғамайды. Жаңа туған сәбиден 90-жасқа дейінгі егде жастағы адамдарда да бұл індетке шалдығу фактілері орын алуда. Өткен жылмен салыстырғанда биыл балалар мен жасөспірімдер арасында COVID-19 инфекциясымен ауыру көрсеткіштері едәуір жоғарылаған. Бұл вирустың мутациялануымен байланысты деп болжанады. Сондай-ақ жасөспірімдердің әлеуметтік байланыстары кең – секцияларға қатысады, мектепке барады. Жасөспірімдерде ауру ағымы жеңіл өтеді, дегенмен асқыну жағдайларын да жоққа шығаруға болмайды. Кей балаларда коронавирус симптомсыз өткенімен, айналасындағыларға вирус тасымалдаушы болып болып табылады.

Облысымызда коронавирусқа қатысты жағдай әлі де қауіпті және күн сайын COVID-19 зертханалық жолмен расталған деректер тіркелуде. Сондықтан қалыпты өмірге оралу үшін екпе салдыру қажет. Вакциналардың иммунитетке зияны жоқ екенін ата-аналар түсіну керек. Екпе антиденелер қалыптастырып, ағзаны қорғайды. Сондықтан көптеген елдерде балаларды вакциналау туралы шешім қабылданды. Біздің елде 12 жастан бастап екпе салынатын болса, Еуропаның бірқатар аймақтарында коронавирусқа қарсы вакцинация 5 жастан асқан балаларға да қолданылуда. Басым көпшілігі Comirnaty (Pfizer) препаратын пайдаланады. Клиникалық зерттеулер Pfizer вакцинасының қауіпсіз және тиімді екенін көрсетті. «Comirnaty» – SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі КВИ-ге қарсы вакцина. «Комирнати» құрамында иммундық қорғаныш тудыратын вирус жоқ, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.

Вакцинация – иммундық қабатты нығайтуға көмектеседі. Оларды вакциналау инфекцияның таралуын бәсеңдетуге көмектеседі. Әрбір ата-ана екпенің пайдасы болатынына сену керек, салмаған жағдайда қандай қауіп барын түсінуі тиіс. Екпе салардан бұрын дәрігер баланы міндетті түрде қарайды, тексереді, коронавирусқа қарсы антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді. Бала екпе аларда тұмауратып тұрса немесе басқа созылмалы ауруларының қабыну, өршу кезеңі жүріп жатса вакцина салынбайды.

Мектептерде және орта/жоғары оқу орындарында жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакцинациялау кезінде мектеп психологтарын, медициналық ұйымдарды кеңінен тартуды қамтамасыз ету керек.

Бүгінгі күні облысымызда Pfizer препаратымен барлығы 11 759 адам иммунизациядан өтті, оның ішінде 12 жастан асқан жасөспірімдер саны – 9312. Бақылау кезеңінде аталған препаратпен вакцинацияланғаннан кейін ешқандай асқыну деректері орын алған жоқ. Облыс тұрғындарын иммундауға вакцина қоры жеткілікті. 2021 жылғы 18 желтоқсанда облысқа Pfizer препаратының 81 900 дозасы жеткізілді. Бүгінгі күні Қызылорда облысы вакцинациялау көрсеткіштері бойынша республикада алдыңғы бестікте. 1 компонентпен вакцина алғандар саны – 452480 адам, бұл тиісті контингенттің 91,4% құрайды, ал ІІ-компонентті салдырғандар саны – 373 137, бұл тиісті контингенттің 82,5% құрап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: