Конституция

Сейсенбі, 30 маусым, 11:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

Алаяқтар атыңызға несие рәсімдемес үшін не істеу керек

30.06.2026

43 0

Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік алаяқтықтан қорғау шараларын және қарыздар ресімдеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы еске салады, – деп хабарлайды KAZINFORM

Алаяқтық жолмен кредиттер ресімдеу тәуекелін төмендету үшін:

  1. kz порталында eGov mobile қосымшасында немесе кредиттік бюро арқылы «Стоп кредит» қызметін қосыңыз. Бұл сіздің атыңызға кредит ресімдеу ықтималдығын бақылауға мүмкіндік береді
  2. Өз кодыңыз бен құпиясөзіңізді құпия сақтаңыз. Қоңырау шалушы өзін банктің, қауіпсіздік қызметінің немесе мемлекеттік органдардың қызметкері ретінде таныстырса да, ешқашан және ешкімге SMS-кодтарды, PIN-кодтарды, бір реттік құпиясөздерді (OTP) немесе Secure-кодтарды бермеңіз.
  3. Белгісіз адамдардың өтініші бойынша телефоныңызға немесе компьютеріңізге қашықтан кіру бағдарламасын орнатпаңыз.
  4. SMS, мессенджерлер немесе жарнамалардан күмәнді сілтемелерге кірмеңіз.
  5. Онлайн-банкингке және басқа да сервистерге кіру үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
  6. Кредиттік бюроларда өзіңіздің кредиттік есебіңізді ұдайы тексеріп отырыңыз – бұл ресімдеуге рұқсат берілмеген қарыздарды уақтылы анықтауға көмектеседі.

Осы нұсқауларды басшылыққа ала отырып, сіз кредиттік алаяқтардың қолына түсу қаупін едәуір азайтасыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: