Конституция

Сейсенбі, 30 маусым, 15:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

6 айға жететін қаржы қорын қалыптастыру үшін қанша ақша жинау керек

30.06.2026

43 0

Фото: kursiv.media архиві

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, 2025 жылы қазақстандықтардың 65%-ында ешқандай жинақ болмаған. Яғни әрбір үш адамның екеуі жұмыстан шығып, ауырып қалса немесе басқа да күтпеген жағдайға тап болса, бірден қарыз алуына тура келеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Қаржыгер, Qazaq Expert Club сарапшысы Әйгерім Ілиясованың айтуынша, осындай қиындыққа тап болмас үшін әр адамның «қаржы қауіпсіздік жастығы», яғни арнайы ақша қоры болуы керек. Көпшілік қолына артық ақша тисе, оны бірден несиені ерте жабуға жұмсайды немесе инвестиция жасауға тырысады. Экперт мұны үлкен қателік деп санайды.

«Инвестиция жасау немесе несиені ерте жабудан бұрын, алдымен қауіпсіздік жастығын жинап алу қажет. Егер адам кенеттен жұмыссыз қалса, уақытынан бұрын жабылған несие оған азық-түлік сатып алу немесе коминалдық төлемдерді төлеуге көмектесе алмайды», — дейді маман.

Қаржы қорын көліктегі қауіпсіздік жастығымен теңестіруге болады. Ол өмір бойы қажет болмауы мүмкін, бірақ қиын сәтте сізді жаңа қарызға батудан сақтап қалады. Оның үстіне, қазір несие пайыздары өте жоғары, ал банктердің талабы қатаң, сондықтан қиын қиындықта несиеге сеніп қалуға болмайды.

Ақшаны қалай есептеп, қалай жинаймыз?

Әлемдік тәжірибе бойынша, бұл қорда сіздің 6 айлық міндетті шығындарыңызға жететіндей ақша тұруы керек. Мұнда табысты емес, тек ай сайын жұмсалатын нақты шығындарды (азық-түлік, пәтерақы, жолкіре, несие және басқа да тұрақты төлемдерді) есепке алу қажет. Өзіңізге қанша ақша керек екенін білу үшін сарапшы екі ай бойы барлық шығындарыңызды жазып жүруді ұсынады. Ресми статистикаға сәйкес, халық табысының тең жарымын тамаққа жұмсайды.

Қарапайым мысал:

  • Сіздің айлық табысыңыз – 400 000 теңге.
  • Ал ай сайынғы ең қажетті шығындарыңыз – 250 000 теңге.
  • Демек, сіздің қауіпсіздік жастығыңыз шамамен 1,5 миллион теңге болуы тиіс.

Бұл соманы бірден жинау міндетті емес, оны әр тапқан табыстың 20%-ын бөліп отыру арқылы біртіндеп жинау керек. Жоғарыдағы мысалмен айтсақ, айына 80 000 теңгеден қорға салып отырған жөн. Осылайша қажетті соманы бір жарым жылда жинауға болады.

Егер сыйлықақы, бонус немесе қосымша табыс пайда болса, оны да осы қорға салып, жинау уақытын қысқартуға болады. Көпшілік адамдар ақшасының 20%-ын байқамай керексіз заттарға жұмсайтындықтан, бұл соманы жинап отыру ешкімге ауыр тимейді.

Егер табысыңыз тек ішіп-жемнен артылмайтын болса, сарапшы үнемдеуді емес, табысты арттыруды ойлауды ұсынады. Қазіргі таңда интернетте тегін білім алу мүмкіндіктері көп.

Жиналған ақшаны қайда сақтау керек

Айгерім Ілиясованың айтуынша, бұл ақша кез келген уақытта алып, жұмсауға ыңғайды жерде сақталуы тиіс. Сондықтан оны ішінара алуға болатын теңгедегі депозитте жинауға болады,

Дегенмен осы ақшаны акция немесе басқа бағалы қағаздарға салуға болмайды. Ақша шұғыл керек болған кезде нарықта баға арзандап кетсе, акцияларды зиянмен сатуға мәжбүр боласыз. Ақшаны тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алмайтын дүниелерге салу тиімсіз.

Неге дәл 6 ай?

Жарты жыл ішінде адам денсаулығын түзеп, жаңа жұмыс тауып немесе басқа табыс көзін тауып үлгереді. Қаржылық қауіпсіздік жастығы толық жиналғаннан кейін ғана, әлгі ай сайынғы 20% ақшаны алдымен пайызы жоғары несиені жабу, содан кейін инвестиция жасауға бағыттауға болады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: