Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дер кезінде жасалған екпе құтырма ауруынан сақтайды

24.07.2023

643 0

Сурет ашық дереккөзден

2023 жылдың 6 ай  қорытындысымен облыс тұрғындары мен жануарлар арасында аса қауіпті құтырма ауруы тіркелген жоқ. Дегенмен,наурыз  айында Арал ауданы, Қарақұм ауылдық округіне қарасты Ерімбетжаға елді мекенінде белгісіз аурудан өлген уақ малдан  алынған сынамадан құтырма ауруына «оң» нәтиже анықталған. Осыған байланысты Қарақұм ауылдық округ әкімінің шешімімен елді мекенге «құтырма ауруынан қолайсыз аймақ» есебінде шектеу шаралары қойылып, залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Сонымен қатарелді мекендегі мал бастары мениттер құтырмаға қарсы егіліп, ауылмалдары ветеринариялық бақылауға алынды.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармамамандарыменжүргізілген эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында өлген малдарға күтім жасаған екі мал иесі мен осы малдарды қарап, сынама алған 3 ветеринар маман анықталып,  құтырмаға қарсы антирабиялық иммуноглобулинмен және антирабиялық вакцинамен схемаға сәйкес егілді. Бүгінгі таңда барлығы да медициналық бақылауға алынды, жағдайлары қалыпты.

Ағымдағы жыл баснына облыс бойынша әр түрлі жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке 1031 адам жүгініп, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда зардап шеккендер саны 6,7%-ға көтерілді. Жарақат алғандардың 86,2% – иттен жарақаталған болса, 11,1% – мысықтардан, 0,9% – жылқы және 17 жағдайда басқа жануарлардан алған жарақаттар құрады.Жалпы зардам шеккендердің 49,6% – 14 жасқа дейінгі балалар.

Құтырма – бұл осы вируспен зақымданған жануарлармен тікелей жанасу арқылы, тістеу немесе сілекейлеуі мен тырнауы нәтижесінде тері немесе                    шырышты қабаттардың зақымдануымен берілетін аса қауіпті ауру.

         Инфекция көзі – жабайы жыртқыштар (түлкілер, қасқырлар, корсактар, шақалдар және т.б.), сондай-ақ үй жануарлары. Құтырма ауруының арнайы емі жоқ, бірақ алдын-алу өте маңызды. Сондықтан санитариялық дәрігерлер жануардың тістеуі немесе тырнауы кезінде зардап шеккен адамға жараны сабынмен шұғыл жуу қажет екенін ескертеді, өйткені сілтілі орта құтырма вирусын бейтараптандырады. Содан кейін медициналық көмекке жүгініп, дәрігер тағайындайтын екпені уақытылы алу қажет.

Әлия Әбдіқайымова

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: