Сейсенбі, 23 шiлде, 07:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

«GREEN SCHOOL: Жаратылыстану ғылымдарының жаңалығы» тақырыбында қалалық семинар өтті

24.04.2023

731 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп – лицейі базасында химия және биология, география пән мұғалімдерінің қатысуымен қалалық семинар өтті. Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұрқанат Ақылбайұлы қатысып, сәттілік тіледі.

Семинардың мақсаты биология және химия, география сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу. Экологиялық білім беру және табиғатты қорғау бағытында теориялық, практикалық дағдылары бар экологиялық сауатты тұлғаны қалыптастыру.

Семинар барысында бірлескен жұмыстар, ерекше сабақтар, шеберлік палитрасы, агробиологиялық кешен, жаңа модификацияланған жылыжай таныстырылды.

Биология пәні бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі Ұлболсын Сабитқызы мен Әсел Нәрзілдақызы «Вешенка» саңырауқұлағын өсіру технологиясы. STEM оқыту әдісі» тақырыбында шебер сынып сағатын сәтті өткізді. Шебер сыныпта «Вешенка» саңырауқұлағының өсіру технологиясы көрсетілді.

География пәні бойынша педагогика ғылымдарының магистрі Жайна Әбдімәлікқызы мен Асия Бикбаевна «Зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастыру Scientific research» тақырыбындағы шебер сабақта оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсетті.

Химия пәні бойынша Ақерке Қазыбайқызы мен Мөлдір Нәсімханқызы «SCIENCE LAB» – шебер сынып сағатында ұстаздарға адыраспаннан хош иістендіргіш пен мия тамырынан тұнба жасау және экобор жасауды көрсетті.

География пәні мұғалімдері Жанар Абибуллақызы мен Гүлнұр Алмаханқызы «Тиімді оқытудағы «EDUCATION SCRUM» тәсілін қолдану» тақырыбында тренинг өткізді.

Семинарға келген жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері кері байланыс беріп, өз әсерлерімен бөлісті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: