Жұма, 26 сәуiр, 11:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: Тастай талап қана қорғайды

18.09.2021

481 0

Covid-19 адамзат баласына денсаулық пен тазалықтың маңызын түсіндіріп берді. Бұл вирус күллі әлемдік пандемияға айналып, үлкен зиян келтіруде. Күн сайын дәрігерлер вирус жұқтырған мыңдаған адамның денсаулығы үшін күресуде. Ал бейқамдыққа не себеп?

Коронавирус тазалықты сақтауды әр адамға міндеттеп қойды. Себебі санитарлық талаптарды сақтамасаңыз, үнемі тазалыққа назар аудармасаңыз вирус жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін. Бұл індет адам талғамайды, барлық адам ауыруы мүмкін. Сол үшін барлығы бетперде тағып, үнемі антисептикті қолдануды қолға алды. Өйткені осы құралдар ғана абайсызда жұқтырған вирустың көзін жойып, ағзаға түспеуіне көмектеседі.

Ал вакцина – бұл індеттен қорғайтын бірден-бір қорғаныш құрал. Әлемдік ғалымдар індет пайда болған кезде-ақ оның емін іздеп, күндіз-түні зерттеу жүргізді. Нәтижесінде отандық ғалымдар да шет қалмай, вакцина жасап шығарды. Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласында шетелдік екпелер де қолданыста бар. Олардың барлығы түрлі сынақтан өтіп, вирусқа қарсы тиімділігі дәлелденген.

Ендігі мақсат – азаматтар індеттен қорғануды вакцина арқылы күшейтіп, індетті жеңуге өз септігін тигізуі керек. Тек сонда ғана бұл алқымнан алған індетті жеңіп, қауіпсіз өмірге ораламыз.

Эльмира БАЙМҰРАТОВА,

облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас фельдшері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: