Дүйсенбі, 06 мамыр, 07:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Дерматомикоздың алдын алу жолдары қандай?

16.02.2023

618 0

Дерматомикоз – бұл адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін дерматофит саңырауқұлақтары тудыратын аурулар тобы.

Аурудың бұл түрімен ересек адамдар да, балалар да ауырады. Инфекция көзі – ауру адамдар, үй жануарлары және жабайы кеміргіштер. Адамдар дерматомикозды қоғамдық орындарға барғанда (сауна, монша, шаштараз, спорт кешендері) жеке гигиенаны сақтамағанда, ауру адамның тарағы, сүлгісі, бас киімдері, аяқ киімі, жөкесі тәрізді жеке заттарын қолдану барысында жұқтырады.Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану), тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.

2022 жылы облыс бойынша ауруға шалдығудың 333 дерегі тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 299 жағдай анықталды. Сырқаттанушылықтың 50%-і қала тұрғындарының үлесінде болса, 50%-і ауыл тұрғындары арасында тіркелді.

Ауруға шалдыққандардың81,3% ауруханада ем алды.Ауру ошақтарында індетке қарсы алдын алу, залалсыздандыру шаралары уақытылы жүргізілді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

қызметінің мамандары дерматомикоздың алдын алу бойынша келесі іс-шараларды сақтау қажеттігін еске салады:

– жеке гигиеналық заттарды қолдану;

– қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолды мұқият сабынмен жуу;

– иесіз, кезбе жануарлардан аулақ жүру.

Дерматомикоздың алғашқы белгілері – аяқ-қол тырнақтарындағы патологиялық өзгерістер, теріде қызарған дақтар, бөртпелердің, қышынудың  болуы. Егер Сіз өзіңізден осы аталған клиникалық белгілерді байқаған болсаңыз тез арада дерматолог дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: