Сейсенбі, 28 мамыр, 06:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Медициналық ұйымдар шарттық міндеттемелерді сақтау керек

17.05.2023

572 0

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде және БАҚ-та Қордың көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем жасамайтындығы туралы ақпарат таралуда. Бұл мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Қор төлемдердің барлығын жасалған шарттар сомасы шегінде толық көлемде жүзеге асырады, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Медициналық ұйымдар мен олардың бірлесіп орындаушылары шарт талаптарына сәйкес келмейтін төлемді талап етеді. Сол себепті төлемге ұсынылған сома шартта көзделген айлық көлемдерден айтарлықтай асып түседі.

Өз кезегінде Қор бюджетте көрсетілген мөлшерден артық соманы төлей алмайды.

Осы тұрғыда жасалған шарттар бойынша сомалардың асып кету фактісі медициналық ұйымдардың және олардың бірлесіп орындаушыларының шығыстарын зерделеуге, сондай-ақ көрсетілген медициналық қызметтердің негізділігі, шынайылығы, толықтығы мен сапасы тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болып саналады.

Медициналық ұйымдар тарапынан қосып жазу фактілері мен басқа да бұзушылықтар санының артуы жағдайында мұндай тексерулер жүргізілуге тиіс.

Осыған байланысты шарттан өзге көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу туралы шешім жоспардан тыс мониторинг нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Төлемді төлеу және жоспардан тыс мониторинг жүргізуді бастау мәселесін қарау үшін медициналық ұйымдар Мониторинг жүргізу қағидаларының 50-тармағына (ҚР ДСМ № 321 бұйрығы) сәйкес Қорға жүгінуі қажет.

Сонымен қатар егер Сізге Қордың медициналық қызметтерді төлеуді кешіктіруі себебінен медициналық көмек көрсетуден бас тартылса, ресми байланыс арнасы Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе fms.kz ресми сайты арқылы ӘМСҚ-ға жүгінуге болады.

Медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелер шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқығы жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: