Жексенбі, 28 сәуiр, 22:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов онкологиялық орталық жұмысымен танысты

24.07.2023

266 0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы жұмыс сапарымен жаңа ғимаратта жұмысын бастаған облыстық онкология орталығына барды.
Орталық бас дәрігерi Нұржамал Жұмағалиқызы облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы мен аймақтың бас дәрігері Олжас Ермекұлына жаңа орындағы атқарылып жатқан жұмыстар, құрал жабдықтарымен таныстырды.
Сондай-ақ, аралау барысында науқастармен кездесiп, ұсыныс-пiкiрлерiн тыңдады. Өз кезегiнде емделушілер қатары жаңа ғимараттың өте таза, заманауи жабдықтармен жабдықталғанын айтып алғыстарын бiлдiрдi.
Нұрымбет Аманұлы тарапынан орталық қызметкерлеріне әрбір науқастың жағдайы ескерусіз қалдырмау керектігі айтылып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, облыстық онкология орталығы 2002 жылдан бастап онкологиялық аурумен ауыратын пациенттердің стационарлы ем қабылдауына бейімделмеген облыстық көпбейінді аурухананың «Әкімшілік-техникалық» бөлімінде орналасса, ағымдағы жылдың 19 шiлдесiнен бастап кең әрi науқастардың ем алуына толық жағдайы жасалынған 200 төсек орынға арналған жаңа ғимаратта жұмысын жалғастыруда.
Сондай-ақ, орталықтың емхана бөлімі дәрігердiң кеңесін қажет ететін және жоспарлы ем алу мақсатында ауруханаға жатуға жолданған пациенттерді де қабылдауда.
Жаңа ғимараттың әр палатасында 2-3 ем алушыға арналған және пациенттер үшін арнайы санитарлық тораптармен (әжетхана, жуыну бөлмесі), желдеткіштермен, орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген.
Жансақтау бөлімі 6 төсек-орыннан 12-16 төсек-орынға дейін кеңейтілген, жабдықталған операциялық 2 залы бар.
Ғимарат қосымша жаңа компьютерлік томограф, заманауи рентген аппаратымен, видеоэндоскопиялық аппаратпен жабдықталған.
Жаңа ғимарат Берке хан 49 «А» мекен-жайында орналасқан (бұрынғы Модульді инфекциялық стационар).
Орталықтың барша ем алушыларына шипалы ем тiлеймiз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: