Атақты астролог Павел Глоба жұлдыз белгілерінің әрқайсысы үшін 2021 жылдың қараша айына арналған егжей-тегжейлі жұлдыз жорамалды ұсынды. Сөзінше, 2021 жылдың қарашаына бірқатар жұлдыз белгілерін игіліктер күтіп тұр. Олар кімдер?
2021 жылдың қарашасына арналған жалпы ұсыныстар
Астрологтың айтуынша, келе жатқан Бұқа жылы Арыстан, Тауешкі және Балықтар үшін сәтті болады.
Сондай-ақ, Тоқты және Торпақтарға да бұл жыл қолайлы болады.
Егіздер мен Бикештер үшін келесі жыл қарама-қайшылыққа, түрлі кедергілерге толы болады.
Ал Суқұйғыштың ұзақ мерзімді жоспарлардан бас тартып, тағдыр қалауына көнгені дұрыс.
Павел Глобаның болжауынша, 2021 жылдың қараша айы бірқалыпты әрі тыныш болады, бірақ тағдырдың күтпеген жағдайлары орын алуы әбден мүмкін. Бұл өзін-өзі дамытуға, сонымен қатар, мансаптық жетістіктерге қолайлы уақыт. Өздерін тек жақсы жағынан көрсете білгендер жұмыста табысты болады.
Тауешкі, Торпақ пен Тоқтылар өздерінің әл-ауқатына алаңдамауына болады. Бірақ бұл олардың әлсіз тұстары жоқ дегенді білдірмейді. Маусымдық аурулар, сондай-ақ, психологиялық дағдарыс немесе депрессияға ұшырауы әбден мүмкін. Міндетті түрде демалуды және ақылыңызды басқаруды үйренуіңіз керек. Бұл мәселеде медитация мен йога көмекке келеді. Кішкентайдан бастаңыз, біраз уақыттан кейін сіз өз уақытыңыз бен күшіңізді бекер жұмсамағаныңызды түсінесіз.
Су белгілері (Шаян, Сарышаян, Балықтар) көру мүшелері мен ас қорыту жүйесіне назар аударуы керек. Әсіресе, тістерге көңіл бөлу керек. Жұлдыздар бұл белгілерге сонымен қатар, биіктікке көтерілуден және жұмыс жасаудан аулақ болуға кеңес береді. Белгілі бір дәрежеде тәуекел етуге тура келеді.
2021 жылы Бикештер отпен жұмыс істегенде абай болу керек. Күйіп қалу қаупі бар. Отшашудан, от жағудан аулақ болыңыз, тіпті газ оттығы қауіпті болуы мүмкін.
Ауа белгілері (Егіздер, Таразы және Суқұйғыш) үшін жыл мұрын-жұтқыншақ қиындықтарымен басталады. Созылмалы аурулар қозуы мүмкін. Сол себепті ауа-райына сай киінгеніңіз дұрыс болар.
Арыстан мен Мергендер үшін жыл күйзеліс пен мазасыздыққа толы болады. Жүйке бұзылуының ықтималдығы жоғары. Сондықтан дауларға, жанжалдарға араласпағаныңыз немесе әріптестеріңіз бен таныстарыңыз туралы өсек таратудан аулақ болғаныңыз жөн. Осылайша ішкі үйлесімділікті сақтап, жүйкенің сыр беруінен сақтанасыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!