Қазақстан құрамасы Тайбэйде дзюдодан өткен Азия кубогын 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен аяқтады, – деп хабарлайды KAZINFORM
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, аталмыш додада Азияның 23 елінен 200-ден астам спортшы бақ сынады.
Қазақстан құрамасынан Мәди Жеткерген (-73 кг) мен Санжар Жаббаров (+100 кг) алтыннан алқа тақты. Ал Мейірбек Байзақов (-66 кг) мен Айшабибі Мұрадимова (-52 кг) күміс жүлдеге ие болды.
Асылхан Зинуллин (-60 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев (-66 кг), Мәди Еділбаев (+100 кг) және Аяна Дүйсенбайға (-48 кг) қола медаль бұйырды.
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль кестесінде үздік үштікті түйіндеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
