Құрылтай

Жексенбі, 12 шiлде, 12:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда жас жұбайларға некеге дейін кеңес беру орталықтары жұмыс істейді

12.07.2026

26 0

Фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстанда Отбасын қолдау орталықтары жас жұбайларға берік отбасы құруға бағытталған некеге дейінгі кеңес беру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды KAZINFORM

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен орталық мамандары жастарға өзара түсіністікке, сыйластық пен жауапкершілікке негізделген отбасы құру мәселелері бойынша кеңес береді.

Отбасы құндылықтарын нығайту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері Мемлекет басшысының айрықша назарында. Өйткені қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқаты әр отбасындағы татулықтан басталады.

– Бүгінде елімізде азаматтарға тегін құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін 160 Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Өңірлерде мұндай орталықтар барлық қала мен ауданды қамтыған. Ал Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бірыңғай қалалық орталықтар қызмет көрсетеді, – деп хабарлады Ұлттық комиссиядан.

Жыл басынан бері орталықтарға 30 мыңға жуық өтініш түскен. 24 мыңнан астам отбасыға кеңес беріліп, тағы 5 мыңға жуық отбасы тұрақты әлеуметтік қолдауға алынған.

Орталықтар әрбір отбасыға алғашқы өтініштен бастап мәселе толық шешілгенге дейін жан-жақты көмек көрсетеді. Сонымен қатар мамандар отбасындағы қиындықтарды ерте анықтау үшін мобильді топтармен жұмыс істейді.

– «FSM Social» цифрлық жүйесі өтініштерді жедел тіркеуге және жауапты мемлекеттік органдардың бірлесе әрекет етуіне мүмкіндік береді. Мұндай жүйелі қолдау отбасыларға қажетті көмекті дер кезінде көрсетуге және әрбір қазақстандық шаңырақтың келешегін нығайтуға бағытталған, – деп атап өтті комиссиядан.

Айта кетейік, некеге мәжбүрлеу бойынша 19 іс сотқа жетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: