Жексенбі, 05 мамыр, 08:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада кәсіби аурулар мен уланулар тіркелген жоқ

10.08.2023

256 0

Кәсіби аурулар – нақты бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінің салдарынан пайда болатын ауру.

Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитариялық-гигиеналық қағидалардың дұрыс орындалмауынан, шу, діріл әсерінен, еңбек және демалыс тәртібінің бұзылуынан, жұмысшылардың техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтамауынан пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады.

Кәсіби аурулардың алдын алуда қажетті сауықтыру және емдеу шараларын жүргізе отырып, міндетті алдын-ала және мерзімді медициналық қарап-тексерулердің маңызы зор. Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен белгіленген.

Медициналық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша әрбір жұмысшының денсаулық жай-күйіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру, стационарлық және санаторийлік-курорттық емдеу, емдеу-профилактикалық тамақтану, динамикалық бақылау  тағайындалады.

Қызылорда облысында 2023 жылдың 1 жартыжылдығында өнеркәсіп, көлік, құрылыс және мұнай өндіру объектілерінде 13689 адам жұмыс істеді, 11919 адам немесе 87,06 % медициналық тексеруге жоспарланды. Барлығы 4447 адам немесе 37,3% медициналық тексерумен қамтылды. Оның ішінде әйелдердің үлесі  533 адам немесе 42,6%.

Санитариялық-эпидемиологиядық бақылау қызметімен жоспарлы тексерулер барысында медициналық тексерулер жүргізу мәселелері, әсіресе таңдалған контингенттердің дұрыстығы мен толықтығы, қорытынды актілердің болуы және жұмыс берушінің олардың ұсынымдарын орындауы бөлігінде міндетті түрде бақыланады.

Кәсіби аурулардың алдын алуда жеке қорғаныш құралдарын пайдалану маңызды орын алады. Жеке қорғаныш құралдарына мыналар жатады: арнайы киім, аяқ киім, көзілдірік, құлаққап, қорғаныс қолғаптары, респираторлар және газтұмшалар.  Айта кету керек, соңғы жылдары жұмысшыларды арнайы киіммен және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету айтарлықтай жақсарды. Көптеген кәсіпорындарда жеке кір жуатын немесе мамандандырылған ұйымдарда арнайы киімдерді орталықтандырылған жууды ұйымдастыру мәселесі шешілген.

Қызылорда облысының кәсіпорындарынан еңбек жағдайларын өндірістік зертханалық бақылау деректерін жыл сайын жинау жүйесі ұйымдастырылды, бұл облыс кәсіпорындарындағы еңбек жағдайларына талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

          2023 жылдың 1 жартыжылдығында кәсіби уланулар мен аурулар тіркелген жоқ.

Әлия Әбдіқайымова – Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: