Жұма, 19 сәуiр, 20:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Абай дана,  Абай дара қазақта… 

13.08.2022

2398 0

Абай күніне орай еліміздің барлық өңірінде мәдени-әдеби іс шаралар өткізілді. Ұлы ақынға арналған ұлағатты кеш Сыр өңірінде ұйымдастырылды. Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Тұңғыш Президент» саябағында өткен шараға жас өнерпаздар қатысты.          Шараның негізгі мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығын таныту, жастарды адамгер­шілікке тәрбиелеу, Абай хакімнің даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету болып табылады. «Әнді сүйсең, менше сүй» такырыбындағы тағылымды шараның маңызы жоғары.

Шара барысында «Дана Абай» тақырыптық қойылымы сахналанды. Сонымен қатар хакім Абайдың «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Өзгеге көңілім тоярсың» әндері шырқалып, ұлы ақын тудырған өміршең өлең қайта қанаттанғандай әсер сыйлады.

Кеш барысында «Шабыт» көркемсөз үйірмесінің өнерпаздары Сүйінбай Жұмаділлаев, Совет Виолетта, Совет Сезім, Жаншырай Орынтай секілді жас өнерпаздар ақынның «Ескендір» поэмасынан үзінді оқып, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

– Ұлы Абай – қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Абай шығармашылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді. «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» сияқты «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебие­тіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айт­қанда, ұлттық рухымызды, бойымызда мәңгі сақталып келеді. Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларын жас өнерпаздардың сахнада орындауы ұлы ақынның өміршеңдігін дәлелдеп тұрғандай сезім сыйлауда, – дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тәжмаханов бізбен әңгімесінде.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: