Сенбі, 04 мамыр, 21:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Мені түсінесіңбе, жаңа өмір»: Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов қайтыс болды

27.06.2023

1006 0

Бүгін 35 жастағы зілтемірші Владимир Седовтың қайтыс болғаны расталды. Спортшы өмірінің соңына қарай желіде сториз қалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Владимир Седов әлеуметтік желіні белсенді жүргізбеген. Десе де, ол өмірінің соңғы кездерінде Instagram-ға түрлі фотолар бөлісіп отырды. Мәселен, ол балаларды қорғау күніне орай өткен іс-шараға қатысқан. Сондай-ақ Түркістанға саяхат жасап, Қожа-Ахмет Яссауи кесенсінің қасында суретке түскен. Ауыр атлет өзінің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында өнер көрсеткен кездерін желіге жариялаған. Сонымен қатар 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласында өткен әлем чемпионатындағы сәттерін бөліскен. Сол жылы Седов әлем чемпионы атанған болатын. Ал соңғы сторизінде ол 18 жастағы NЮ есімді музыканттың әнінен үзінді келтірген. «Мен өзгердім, мені танымай қаласыз. Қан бұрқылдамайды, бұл тек су. Жаңа өмір сен мені түсінесің бе», – деп жазды Седов. Алайда IWF спортшыны 8 жылға спорттан шеттетті. Седовтың допинг сынамасынан станазалол табылған еді. Жетісу облыстық полиция департаменті танымал спортшы Владимир Седовтың қайтыс болғанын хабарлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: