Жұма, 06 желтоқсан, 22:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық тұрғындар арасында жануарлардан жарақаттанушылар саны азайды

29.03.2022

878 0

Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері аса қауіпті құтырма ауруына шалдығу деректері тіркелген жоқ. Әр түрлі жануарлардың тістеуінен, тырнауынан, сілекейлеуінен зардап шегіп, медициналық көмекке 290 адам жүгінген, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 34,09. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда зардап шеккендер саны 20,5%-ға төмендеген.

Жарақат алғандардың басым көпшілігі қалалық  тұрғындар үлесінде және 90%-тен астамы иттен алған зақымданулар құрайды.

Жануарлардан зардап шеккендердің барлығына 100% аса қауіпті құтырма ауруына қарсы егу тағайындалды. Жануарлардан жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген әрбір адамның тиісті антирабиялық егумен қамтылуына қалалық және барлық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен апта сайын мониторинг жүргізілуде. Ал ерекше тәртіп бойынша жоспарға сәйкес тексерулер барысында травматологиялық бекеттерде, хирургиялық кабинеттерде алғашқы медициналық көмек көрсету барысы, антирабиялық егулердің дұрыс тағайындалуы, егілуі, зардап шеккендердің профилактикалық емдеу курсынан жалтарған немесе оны өз еркімен тоқтатқан жағдайлары, антирабиялық препараттардың қозғалысы, әрбір жарақаттанушы туралы жедел хабарламаның жергілікті санэпидбасқармаларына берілуі, жарақаттанушылардың уақытылы егуге шақырылуы бақыланады.

Жыл бойы антирабиялық вакцина және антирабиялық иммуноглобулин препараттарының қоры үзіліссіз қамтамасыз етіледі.

Облыс бойынша 2021 жылы  иесіз жүрген 22242 ит және 1802 мысық жойылды. Ал биылдан бастап 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң талаптарына сәйкес иесіз ит-мысықтардың жою жұмыстары оларды аулау, уақытша ұстау орындары (питомники) және ары қарай жансыздандыру арқылы жүргізілетін болады.

Облыс көлемінде тұрғындар арасында құтырма ауруының алдын алу мақсатында санитариялық ағарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жануар тістеп, тырнаған кезде бірден дәрігерге қаралап, ем алуға кеңес береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: