Сәрсенбі, 24 сәуiр, 14:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жеке құрам «Тарихтан тағылым» алды

30.05.2023

486 0

Елімізде 1997 жылдан бастап 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып аталып өтілуде.

Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде жекеқұрамға отаншылдық тәрбие беру мақсатында кадр саясат тобы іс-шара ұйымдастырды.

Бұл іс-шараға Қалалық орталықтандырылған кітаптар жүйесінің №1 кітапхананың кітапханашылары «Тарихтан тағылым » тақырыбында жылжымалы көрмесін әкелді.

Кітапханашы Наршаева Айманның айтуы бойынша:

Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу.

Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, жастарды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу дей келіп, 1927-1953жж. ақтаңдақтар ақиқаты жайлы қысқаша баяндап берді.

Одан соң, кітапханашы Айткулова Әсел көрмеге қойылған Т.Омарбековтың «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті»,«Зобалаң», М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты» Т.Шонанұлының «Жер тағдыры- ел тағдыры», Х.Болғанбайдың «Иман күші», В.Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі» ж.т.б әдебиеттермен қатар баспасөз беттеріне шыққан мақалаларға шолу жасады.

Погондағы жас қызметкерлер ата- баба тарихын білуге құштарлық танытып,тарихи кітаптарды ашып көріп, өз ойларымен бөлісті

Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі іс-шарада 1927-1953жж. ақтаңдақтар ақиқаты жайлы біраз мағлұмат алдық.

ҚАЖ қызметкері ретінде өзімді елімнің патриот азаматы санаймын.

Ал, патриот адам елінің тарихын өте жақсы білгені абзал- деді, РжКБ- нің бақылаушылары әділет аға сержанты Уалиев Айбол

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: