Жексенбі, 08 желтоқсан, 08:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордадағы оңалту орталығы 60 баланың ем алуына мүмкіндік береді

17.02.2022

939 0

Бүгінгі күнге дейін өңірде реабилитациялық көмекті қажет ететін мүгедектігі бар балалар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына жолдама негізінде ем алса, қазіргі таңда балаларды тұрақты түрде емдеу үшін көпбейінді облыстық балалар ауруханасы ғимаратының бір бөлігі оңалту орталығы ретінде ашылды.

Орталық жұмысындағы емдеу процесін саралау мақсатында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова емдеу орталығына барып, мамандармен пікірлесіп, ем қабылдап жатқан балалармен тілдесті.

Орталықта науқас балаларға мамандандырылған оңалту көмектерін көрсету, оның ішінде, сумен емдеу, шунгит, сенсорлық, интерактивті, тұзды шахта бөлмелері қарастырылған. Сондай-ақ, емдік-дене шынықтыру, механотерапия және ойын залдары бар, логопед, дефектолог, психолог мамандары қызмет көрсетуде.

Аймақ басшысы әрбір баланың кешенді түрде ем алуына тиісті жағдай жасау үшін қажетті шараларды атқару керектігін қаперге салып, орталықта емделуші балаларға тез арада жазылып шығуды тіледі және орталыққа планшеттерді сыйға тартты.

Қызылордадағы оңалту орталығы 60 баланың ем алуына мүмкіндік береді
Қызылордадағы оңалту орталығы 60 баланың ем алуына мүмкіндік береді
Қызылордадағы оңалту орталығы 60 баланың ем алуына мүмкіндік береді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: