Бейсенбі, 25 сәуiр, 20:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді

01.06.2023

504 0

Мемлекеттік күзет қызметі бұдан былай тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді. Қоғам талқылауына осы заң жобасын өзгертуге байланысты құжат шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Құжат “АшықНҚА” порталында жарияланды. Онда Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені жаңа редакцияда жазу ұсынылған. Бұған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылуы себеп болып отыр. 

Осылайша жаңа құжатта мемлекеттік күзет қызметінің басты функциясы қатарынан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталмақ. 

“Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган”, – деп жазылған жаңа құжатта. 

Бұған дейін бұл жазба арасында “Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының” деген бөлігі болатын. 

Құжат маусымның 14-не дейін қоғам талқылауында болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: