Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жедел ішек инфекцияларын жұқтыру қаупі сейілген жоқ

09.08.2023

753 0

          Қызылорда облысында жыл басынан бері жедел ішек инфекцияларының  732 жағдайы тіркелді. Аурушаңдылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 86,5 құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,8%төмен болып отыр. ​ Ауруға шалдыққандардың басым көпшілігі, нақты айтқанда 85% – 14 жасқа дейінгі балалар үлдесінде.

      Жедел ішек инфекциясы жылдың кез келген уақытында кездеседі. Дегенмен жазда, ыстық ауа-райында, жеке гигиена ережелерін сақтамаған кезде вирустар, бактериялар белсенді бола бастайды.

          Ішек инфекцияларының қоздырғыштары сыртқы ортада жақсы сақталады. Мысалы, дизентерия қоздырғыштары ластанған ыдыстарда, дымқыл киімдерде апталар немесе айлар бойы, өміршеңдігін сақтай алады. Сүт және сүт өнімдерінде, салаттарда және басқа да өнімдерде ішек инфекциясының қоздырғыштары жақсы сақталып қана қоймай, тамақ өнімдерінің дәмін өзгертпестен көбейе де алады.

​          Инфекция көзі – ауру адам немесе ішек инфекциялары қоздырғыштарын тасымалдаушылар..

Аурудың берілу жолдары: тамақ, су және тұрмыстық байланыс. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін созылады. Инфекция көзі − науқас адам немесе ішек инфекциясы қоздырғыштарының тасымалдаушысы.

​​          Аурудың алғашқы белгілері: тәбеттің болмауы, іштің жиі ауыруы, құсу, іш өту, дене температурасының көтерілуі, шөлдеу, бас ауруы, жалпы әлсіздік, мазасыздық. Мұндай симптомдар пайда болған кезде міндетті түрде дәрігерге жүгіну қажет.

Ішекинфекциясыныңалдыналушаралары:

– Жуылмағанжидектерді, жемістерді, көкөністердібалаларғабермеу, жемеу.

– Дәретханаданкейінжәнетамақішералдындақолдысабынменмұқиятжуу. Өйткенісабынныңдезинфекциялықәсері бар.

– Көкөністермен, шикіетпенбіргебірсөмкедеқапталмағаннан, ірімшікжәнебасқа да термиялықөңдеусізтұтынылатынтағамдардыалыпжүрмеңіз.

– Сүт, қаймақ, ірімшік, сүзбе, салаттар, бауыршұжықтары, кілегейліторттардытоңазытқыштасақтаңыз. Жылыжердебұлтағамдардамикробтар тез көбейеді.

– тағамдардытолықтермиялықөңдеуденөткізіңіз.

      Есіңіздеболсын, азық-түліктісақтауережелері мен жеке гигиена ережелерінқатаңсақтауарқылысізөзіңіздіжәнежақындарыңыздыжеделішекинфекцияларынанқорғайаласыз!

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: